Біздің компания Астана қаласындағы
«EXPO» халықаралық көрме орталығы аумағында толық циклді техникалық және кеңес беру қызметін ұсынып, конгресс-көрме іс-шараларын ұйымдастыруға арналған ыңғайлы «бір терезе» сервисін қамтамасыз етеді.
Біз стендтердің дизайн-жобаларын әзірлеп, көрме кеңістіктерін жасап, коммуникациялар мен электр желілерін қостырып, жиһаз, көрме және мультимедиа жабдықтарын жалға береміз.
Тәжірибеміздің арқасында «стандарт», «жетілген стандарт» және «эксклюзив стендтер» форматындағы конструкцияларды монтаждап,аспалы конструкцияларға риггинг жұмыстарын жүргізу қызметін де ұсына аламыз.